«Лингвистикалық өлкетану: Мәшһүр Жүсіп мұрасын қазақ және орыс тілдерінде меңгеру мәселелері» - «Краеведение лингвистическое: наследие Машхур Жусипа и вопросы его изучения на казахском и русском языках» -атты дөңгелек үстел

2011 жылдың 29 сәуірінде Мәшһүртану ҒПО және облыстық департаменті және қалалық білім бөлімімен бірлесіп Павлодар қаласының №19 ЖОМ- да «Ислам өркениеті және Мәшһүр Жүсіп тағылымы»-атты облыстық семинардың жалғасы ретінде Мәшһүр Жүсіп мұрасын қазақ және орыс тілдерінде меңгеру мәселелері» - «Краеведение лингвистическое: наследие Машхур Жусипа и вопросы его изучения на казахском и русском языках» - атты тақырыпта екі тілде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы бойынша: №19 ЖОМ-ның директоры Т.К. Нөгербаевқа, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, А.Қ. Тұрышевқа алғашқы сөз берілді.

«Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері М.Б. Аманжолова «Наследие Машхур Жусипа:вчера, сегодня, завтра»;

Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназиясы кітапханасының меңгерушісі В.В. Козина «Передвижная книжная выставка и творчество Машхур Жусипа»;

№19 ЖОМ кітапханасының меңгерушісі Ш.Қ. «Қаламымен ұрпақтарға ой салған Мәшһүр-Жүсіп»- атты тақырыпқа жылжымалы кітаптік көрме ұйымдастырды.

Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің директоры А.Н. Зозуля «Об истории создания макета мечети Машхура Жусипа»;

Баянауыл ауданының мұражай кешенінің ғылыми қызметкері Ә.Қ. Пазылов «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің тарихи мұрасы»;

Ә.Қ. Пазылов «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің тарихи мұрасы»;

Павлодар қаласының №14 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.А. Асқапова «Аз-аздан үйреніп дана болады, тамшыдан жиылып, су дария болады»- яғни орыс тілді мектепте «Мәшһүртану» курсын үйірме жұмысын ұйымдастыра отырып енгізудің жолдары; Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі А.И. Самакова- «Исследовательская деятельность учащихся – фактор становления конкурентноспособной личности»; С. Торайғыров атындағы ПМУ, «Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері А.Ж. Көпеев «Мәшһүр Жүсіп сайты жайында»; Павлодар қаласының №19 ЖОМ директорының орынбасары С.А. Серғазина «Научно-практическая значимость курсов «Машхуроведение» орыс тілінде»; Павлодар қаласының №19 ЖОМ директорының орынбасары Қ.Б. Шөлбаева «Үкілі үміт» газеті; Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Ә.Ақтанова «Концепты время и жизнь в мировоззрении Машхур Жусипа Копеева»; Павлодар қаласының №19 ЖОМ 7 «В» сынып оқушсы Г. Әкімбай «М-Ж. Көпеев шығармаларындағы өлшем бірліктері». Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының М.Ж. Көпеев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаңбырбай

Бейбіт «Мәшһүр туралы сөз...». Павлодар қаласының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі З.Ш. Ахмедьянованың жетекшілігімен Анастасия Немченко (8«Б» сынып), Сабина Казкенова (8 «Б» сынып), Махаббат Камиева (8 «Б» сынып) сияқты оқушылар М.Ж. Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы баяндап өтті. Осы мектептің 3 сынып оқушылары Дорошенко Анатолий, Криворучко Виктор, Магзумова Диана, Салихзянова Русалина және Чепикова Ариналардың да өнерлері алғашқы сынып оқытушысы О.И. Деревнинаның қолдауымен белсенді өтті. Жатқа оқушылар: Құсайнова Жұмақыз, Увалиев Айтуар, Жұмакелді Гаухар, Тоқтас Анель, сонымен қатар №19 ЖОМ Ә.А. Аязбаев жетекшілік ететін «Қарлығаш» хоры кездесудің І бөлімін аяқтады. ІІ бөлімде қатысушылар С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің аға оқытушысы Н.Е. Күлімжановтің жетекшілігімен «іскер ойыны» яғни «Мәшһүртану» курсын өңдеудің мүмкіншіліктерін қарастыру, «Мәшһүртану» курсын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларын насихаттау жолымен орыс тілінде оқыту бағдарламасына енгізу жолдары қарастырылды.