Қазы ауылында мұражай ашылды

2011 жылдың 18 мамырында Аққу ауданы, Қазы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Мәшһүр Жүсіп мұрасын насихаттау» атты семинар өтті. Аталған мектеп оқушылары аудандық «Мәшһүртану оқуларында» 2008 жылы В.Жақсыбаева - I орын, Д. Жүнісхан - II орын, 2009 жылы В.Жақсыбаева - I орын, Е.Асқарұлы, Е.Жүнісхан- III орын, 2010 жылы В.Темірболат - I орын, Е.Асқарұлы-II орын, Д.Жүнісхан - III орын, 2011 жылы Д.Жүнісхан – I орын жеңіп алды. Сол сияқты аудандық, аймақтық, облыстық ғылыми жоба сайыстарында да көзге түсіп жүр.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дариға Абсолямова және Асқар Абсолямов Мәшһүр Жүсіп мұражайын ашты. Мұражайда ақынға қатысты экспонаттар қойылған. Сол сияқты ауыл тұрғындары мұражайға арнап ескі заттар сыйлаған.