«Ислам өркениеті және Мәшһүр Жүсіп тағылымы» семинары

2011 жылдың 18 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің акт залында «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ислам өркениеті және Мәшһүр Жүсіп тағылымы»- атты семинар өтті.

Семинар бағдарламасы: Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы – Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор. Баяндама тақырыбы: «Ислам конференциясы ұйымы және Мәшһүр Жүсіптің рухани мұрасы»;

Көпеев Арслан Жастілекұлы – магистр, МҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сайтының тұсау кесері»;

Ысқақ Сарагүл Әмірханқызы - МҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. Баяндама тақырыбы: «Ғылыми білім беру негіздері (М.Ж. Көпеев шығармалары негізінде)»;

Шөлбаева Қаламқас Байдоллақызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №19 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Үкілі үміт» мектеп газетінің Мәшһүр Жүсіп мұрасын насихаттаудағы рөлі»;

Оразбаева Бигүл Қазтайқызы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы»;

Айтбаева Ләззат Жәлелқызы – Абай атындағы Дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдері»;

Аханбаева Сәндігүл Ермұратқызы – Облыстық мамандандырылған Дарынды балаларға арналған кадет-мектеп интернаты, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіптің бала тәрбиесіне қатысты өлеңдерін оқытудың әдіс-тәсілдері»;

Муханбетова Гүлнар Сағидоллақызы – С.Торайғыров атындағы ПМУ, қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к., доцент. Баяндама тақырыбы: «Орта ғасырдағы арнау өлеңдеріндегі адам және әлем концепциясы» -атты түрлі баяндамалар оқылды.

Павлодар қаласының №6 балабақшасының тәрбиеленушілері Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып өз өнерлерін көрсетті.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасын насихаттаған белсенді Мәшһүртанушылар алғыс хаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.