Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қалалық мәдениет сарайында “Ана тілі” бағдарламасы шеңберінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы қалалық көркемсөз оқуларын өткізді.
Байқау талаптарына сәйкес шараға 15-25 жас аралығындағы азаматтар қатысып, екі тапсырма орындады: прозалық шығармадан үзінді оқу немесе Мәшһүр Жүсіпке арнау шығару, екінші мәнерлеп өлең оқу.
Жалпы бұл шараға 49 қатысушы қатысуға ниет білдірді. Орталықтандырылған кітапханада өткізілген іріктеуден 12 қатысушы белсенділік танытып, қалалық сайысқа жолдама алды.
Сайыстың нәтижесінде бірінші орынды лицейден Толубаева Мәншүк, екінші орынды Еңбек ауылынан Мұса Гаухар, ал үшінші орынды Қызылжар ауылынан Шамиданова Әйгерім иеленді.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл шараның нәтижесінен оқушылардың әдебиетке деген құштарлықтарының, проза, поэзияны мәнерлеп оқудағы шеберліктерінің арта түсуі байқалды.
Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
18 ақпан 2011ж.