Тақырыбы: «Философ, ақын, тарихшы, ойшыл, ғұлама Мәшһүр-Жүсіп тағылымы» атты оқыту семинары

Облыстық білім беру басқармасы және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Философ, ақын, тарихшы, ойшыл, ғұлама Мәшһүр-Жүсіп тағылымы» атты оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты – облыстың барлық аудандарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен шығармашылық байланыс жасау, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасын насихаттау, таныту.

Семинарға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандық мектептердің мұғалімдері қатысты.

Семинар екі бөлімге жоспарланды. Бірінші бөлімде ақын, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі С. Баязитовтың «Мәшһүртану өрісі» атты кітабының тұсау кесері болды.

Бүгінгі «Мәшһүртану» қызметінің даму деңгейі, оқушылармен жұмыстың жүргізілу барысы туралы бірнеше баяндамалар тыңдалды:

Аубакирова Алтынгүл Кенжеқарақызы - «Ертіс Дарыны» АҒПО-ның шағармашылық зертханасының әдіскері. Баяндамасы: «Аймақтық Мәшһүр-Жүсіп оқуларын өткізу ережесі (таныстыру)»;

Қанапьянова Қапия Қабиденқызы – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №10 Абай атындығы лицей-мектебінің оқу ісінің меңгерушісі. Баяндамасы: «Научный проект ученика – один из путей пропаганды трудов М-Ж. Копеева»

Токумова Марияш Хайроллақызы – Дарынды балаларға арналған №3 гимназия мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі. Баяндамасы: «Наследие Машхура-Жусипа. Научные проекты, а так же проблемы перевода на русский язык».

Хайруллина Райса Тәшенқызы – Мәшһүртану ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. Баяндамасы: «Мәшһүртану бағдарламасы (5-11 сыныптар) және болашақтағы оқу құралдары туралы».

Шөлбаева Қаламқас Байдоллақызы Павлодар қаласының №19 Жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі. Баяндамасы: «Мәшһүртану бағдарламасын мектепте насихаттау жолдары»

Ғибатова Бақыт Қожанқызы – Екібастұз қаласының №26 Жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі. «Презентация работы за 2008-2009 уч.год по жизни и творчеству Машхура».

Овсянникова Людмила Павловна - №43 Орта мектебінің кітапханашысы. Баяндамасы: «День чтения по творчеству М-Ж. Копеева»

Екінші бөлімде Мәшһүртану ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері Аманжолова Мақпал Баянқызы «Планирование работы 5-8 классов» атты тақырыпта демонстративтік сабақ өткізді.