Павлодар қаласындағы жалпыға білім беретін №19 қазақ орта мектебінде «Мәшһүртану» курсы бірнеше жылдан бері мектеп бағдарламасына енгзіліп, тәжірибелі мұғалімдердің тарапынан арнаулы курс ретінде жүргізіліп келеді. Арнаулы курстарды Қ. Шөлбаева, Г. Шаймерденовалар жүргізіп, қалаішілік, облыстық «Мәшһүртану» шараларына оқушыларын қатыстырып, жүлделі орындарды иеленгені мәлім.
Өтілген конференцияға қалалық білім беру басқармасынан, мектеп ұжымы, «Мәшһүртану» ҒПО қызметкерлері қатысты. Жоспарлы шара екі бөлімге белгіленді: бірінші бөлім – оқырмандар конференциясы мен мәнерлеп оқу, екінші бөлім – ашық сабақтар. Оқырмандар конференциясында 8, 9, 10-шы сыныптың оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері М-Ж. Көпеевтің шығармаларын арқау етіп, өзекті тақырыптарда баяндамаларын оқыды. Мәнерлеп оқу Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тыңдалды.
Екінші бөлім бойынша №19 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаламқас Байдоллақызы Шөлбаеваның «Мәшһүртану» арнаулы курсы бойынша өткізген 7-ші сыныптағы сабағы жүргізілді.
22 ақпан 2010ж.