С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, 2013 жылы 23 сәуірде Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінде дала кемеңгері, ақын, этнограф, шежіреші Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 155 жылдығына орай «Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы арқылы оқушылардың коммуникативтік, тілдік және мәдени-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру» атты облыстық семинар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Өткізілген іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор, С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі А. Қ. Тұрышев, осы орталықтың кіші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Т. Тезекбаев, кіші ғылыми қызметкер, филология магистрі, іс-шараның модераторы М. Б. Аманжолова, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Қ. Жүсіпов пен білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» орталығының қызметкерлері қатысты. Аталмыш іс-шараға облыс мектептеріндегі тіл пәндерінің 80 мұғалімі қатысты. Семинар барысында ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, № 19 орта мектеп мұғалімдері «Мәшһүртану» факультатив курсы бойынша ашық сабақтар көрсетті. Семинар соңында мұғалімдерге С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары берілді.