Кашканова Райгүл Самарқанқызы – Павлодар қаласының Абай атындағы Дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Қолыма қағаз-қалам алайын да
Қолыма қағаз - қалам алайын да,
Лапылдап тал отындай жанайын да,
Естіген - көргенімді әңгіме ғып,
Дүниенің базарына салайын да.
Бул өмір кейде жүйрік.кейде жорға,
Жастық шақ көп қуғанмен түспес қолға,
Байланып арқан-жіпсіз аяқ пен қол,
Шыға алмай жүргенім ғой ұзақ жолға.
Біздерге бұл өнерді берген құдай,
Бола алмас кейінгі жан бүрынғыдай,
Шартарап.сегіз қиыр түгел келіп,
Әркімге Мәшһүр болу болмас оңай.