Каменов Алмат – №19 жалпы орта білім беру мектебінің 7 «а» сыныбында оқиды. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп алғашқы жинағымен ІІ Қалалық Мәшһүр–Жүсіп оқуларына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
Ойын қума бозбала
Ойын қума бозбала,
Өтер өмір тез ғана.
Үлгісімен бабалар,
Сыр шертейін азғана.
Бір қолыңда телефон,
Тастамайсың әр қадам.
Құр бос сөзбен уақытты
Өткізеді-ау көп адам.
Одан қалса компьютер,
Баурап алар өзіне.
Отырсаң сен жөн-жосық,
Зиян-ғой ол көзіңе.
Кеш болғанда тағы бар,
Теледидар қорабы.
Ол болмаса әрбір үй,
Жын қаққандай болады.
Осылармен уақытың,
Өтіп жатыр күн ұзақ.