Ақынмен сырласу

Каменов Алмат – №19 жалпы орта білім беру мектебінің 7 «а» сыныбында оқиды. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп алғашқы жинағымен ІІ Қалалық Мәшһүр–Жүсіп оқуларына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Ақынмен сырласу

Тағдыр берген бұл да кіші тақ екен,

Менің көңлім нәрестедей ақ екен.

Жыр-бәйгеде қолдағаның жан баба

Бозбалаңа күш беретін бақ екен.

Ақындықтың кім бағалар құнын дәл,

Жүрегіңмен ұғынып көр, сырымды ал.

Тұлпарлардың шыға білген алдына,

Бүкіл қауым қызығардай бағым бар.

Сен ұқпасаң, баба мені кім ұғар,

Әлі талай жазар менің жырым бар.

Бес парыз бен бес қымбаттан үңіліп,

Адалдықтың нәрін терер ұлың бар.

Әр адамда болу керек ұлы арман,

Талаптанса кім шыңына қонбаған?

Ақ батаңмен жебей берші жан баба!